«Мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауы, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы және мемлекеттік қызметке түсу»
«Мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауы, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы және мемлекеттік қызметке түсу» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Ақтөбе облысы бойынша департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы С.С.Муксимов жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 4
- 11.11.2020, 11:00
- 11.11.2020, 16:00
Балабаева Гулжайна 11.11.2020, 13:42, Сұрақ нөмірі: 9842
Автокөлігімді сатып жібергенмін. Енді осы көлігімді есептен шығарып, сатып алушының атына қою үшін міндетті түрде Спеццонға бару керекпін бе?
Атырау облысы 11.November.2020, 13:46
Қайырлы күн! Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығымен бекітілген "Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу" қағидаларына сәйкес, Сіз және автокөлігіңізді сатып алушы аталған мемлекеттік қызметті "Электронды Үкімет" веб-порталы арқылы электронды түрде алуға құқығыңыз және толық мүмкіндігіңіз бар. Сауалыңызға рақмет!