Мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауы, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы және мемлекеттік қызметке түсу

«Мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауы, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы және мемлекеттік қызметке түсу» тақырыбында ҚР мемлекеттік қызмет істері Агентттігінің Қостанай облысы бойынша Департаменті басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің Төрағасы Асхат Батыржанұлы Искендировтың қатысуымен интернет-коференцияны өткізу

  • Сұрақтар: 30
  • Жауаптар: 30
  • 16.11.2020
  • 16.11.2020, 18:00

Ертасов Багдат 16.11.2020, 16:42, Сұрақ нөмірі: 9872

  • 0

Сәлеметсізбе?Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға келісім шарт негізінде жұмыс берушімен еңбек шартын жасасып, жұмысқа кіруіме бола ма?

Қостанай облысы 16.November.2020, 16:44

Сәліметсіз бе! Сіздің өтінішіңізге сәйкес келесіні хабарлаймыз. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 30-бабы 2-тармағына сәйкес мемлекеттік лауазымға қабылдау кезінде мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың талаптары сақталуы тиіс. Заңның 26-бабына сәйкес, мемлекеттік лауазымға орналасу үшін азамат тест пен жеке қасиеттерді бағалаудан өтіп, конкурс жариялаған мекемеде әңгімелесуге қатысады. Мемлекеттік лауазымға конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған үміткер қабылданады. Бұл ретте, мемлекеттік лауазымға еңбек шарты негізінде қабылдау арнайы тексеру кезіне ғана рұқсат беріледі.