Мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауы, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы және мемлекеттік қызметке түсу

«Мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауы, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы және мемлекеттік қызметке түсу» тақырыбында ҚР мемлекеттік қызмет істері Агентттігінің Қостанай облысы бойынша Департаменті басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің Төрағасы Асхат Батыржанұлы Искендировтың қатысуымен интернет-коференцияны өткізу

  • Сұрақтар: 30
  • Жауаптар: 30
  • 16.11.2020
  • 16.11.2020, 18:00

ОСПАНОВА ГУЛДАНА 16.11.2020, 16:42, Сұрақ нөмірі: 9873

  • 0

Құрметті Асхат Батыржанұлы! Менің қоятын сұрағым мемлекеттік қызметші мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылық жасаған жағдайда Мемлекеттік қызмет туралы Заңға сәйкес қандай шектеулер қойылады?

Қостанай облысы 16.November.2020, 16:46

Сәліметсіз бе! «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 16-бабы 3-тармағы 6) тармақшасына сәйкес, мемлекеттiк қызметке мемлекеттік қызметке кірер алдындағы үш жыл ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылған азаматты қабылдауға болмайды. Бұл ретте мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық үшін қызметтен шығарылған азамат мемлекеттік қызметке жіберілмейді. Сонымен қатар, аталған Заңның 37-бабына Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 26 қарашадағы Заңымен (№ 273-VI) енгізілген толықтыруларға сәйкес мемлекеттік қызметшіге оның қызметтік әдеп нормаларын бұзғаны не мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік терiс қылық жасағаны үшін алынбаған тәртiптiк жазасы болған кезде ауысу тәртiбiмен, сондай-ақ конкурстардың қорытындылары бойынша мемлекеттік лауазымға орналасуына жол берiлмейдi.