Елдегі діни ахуал туралы
Елдегі діни ахуалды талдау және мониторингтеу, сондай-ақ діни ахуалдың даму үрдістері, дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 4
- 17.11.2020, 09:30
- 17.11.2020, 19:30
Нахдбай Есимжан 17.11.2020, 11:08, Сұрақ нөмірі: 9889
1.Қазақстанда елдің конституциялық құрылымына қауіп төндіреді деп бағаланған қандай да бір топты, ағымды, бағытты экстремистік ағым деп жариялау тәжірибесі бар. Салафизм ағымына Қазақстанда тыйым салуға не кедергі? Әлде Дін істері комитеті ол ағымды Қазақстанның конституциялық құрылымына қауіп төндірмейтін ағым деп бағалай ма? Егер заңда ондай тетіктер жоқ болса, осы салаға жауапты орган ретінде неге ұсыныс енгізбей отырсыздар?
ҚР АҚДМ Дін істері комитеті 17.November.2020, 17:41
Қайырлы кеш құрметті Нахдбай Есимжан! Ең алдымен, сұрақ қойғаныңыз үшін алғыс білдіреміз! ҚР Конституциясы еліміз зайырлы мемлекет деп танылғандықтан әр адамның діни бостандығы шектелмейді. Дін істер Комитеті ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңын басшылыққа алып жұмыс жасайды.Елімізде тiркелмеген дiни бiрлестiктердiң қызметiне, сол сияқты адамдарды дiнге көзқарасын айқындауда, діни бірлестіктердің қызметіне, дiни жораларға және дiндi оқып-үйренуге қатысуына немесе қатыспауына қандай да бiр мәжбүрлеуге жол берiлмейтінін атап өту керек. Республика аумағында құрылған барлық діни бірлестіктер мемлекеттік тіркеуден өтулері қажет. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелмеген дiни бiрлестiктердiң қызметіне басшылық жасау, қатысу, олардың қызметiн қаржыландыру бойынша әкімшілік жауаптылық көзделген. Атап айтқанда, ағымдағы жылдың өзінде ішкі істер органдарымен аталған талаптарды бұзу бойынша 6 құқық бұзушылық фактісі анықталып, тиісті тұлғалар жауаптылыққа тартылды.