Елдегі діни ахуал туралы

Елдегі діни ахуалды талдау және мониторингтеу, сондай-ақ діни ахуалдың даму үрдістері, дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру

  • Сұрақтар: 4
  • Жауаптар: 4
  • 17.11.2020, 09:30
  • 17.11.2020, 19:30

Нахдбай Есимжан 17.11.2020, 11:09, Сұрақ нөмірі: 9890

  • 0

2000 жылдардың орта шенінде сопылық ағым ұстанды деген айыппен ғалым Саят Ыбыраев сотталып, Қазақстан ұлттық арнасының тілшілері қудалау көрген болатын. Ол кездегі әрекеттер мемлекеттік БАҚ арқылы қандай да бір діни ағым өкілі тұрақты хабар таратып, контент жүргізуіне болмайды деген логикамен түсіндірілгені есімізде. Сол талап салафизм өкілдеріне неге жүрмейді? Кеше ғана өзінің салафизм ағымын ұстанғанын мойындаған адамның Ұлттық арнаның ең қолайлы уақытында хабар жүргізуіне Комитет қалай жол беріп отыр? Дін істері комитеті тарапынан Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне немесе «Қазақстан» ұлттық арнасының басшылығына Мұхамеджан Тазабековке экраннан эфир бөлмеу қажеттігі туралы қандай да бір ескерту, ұсыным айтылды ма?

ҚР АҚДМ Дін істері комитеті 17.November.2020, 17:43

Қайырлы кеш құрметті Нахдбай Есимжан! Ең алдымен, сұрақ қойғаныңыз үшін алғыс білдіреміз! Мұхамеджан Тазабектің діни сеніміне қатысты соңғы мәлімдемесіне байланысты Қазақстан Республикасы Конституциясының 19-бабының 1-тармағына сәйкес «Әркім өзінің қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын өзі анықтауға және оны көрсету-көрсетпеуге хақылы» деп санаймыз. «Тәлім Trend» бағдарламасының эфирге шыққанына көп болған жоқ. Сондықтан, аудиторияның қабылдау ерекшеліктеріне байланысты кейінірек «Qazaqstan» телеарнасындағы Көркемдік кеңестің шешімі қабылданады. Көркемдік кеңес «Тәлім Trend» бағдарламасын тоқтату бойынша бірауыздан келіссе, сәйкесінше Мұхамеджан Тазабектің жүргізушілік мансабы бірге тоқтатылады.