Елдегі діни ахуал туралы
Елдегі діни ахуалды талдау және мониторингтеу, сондай-ақ діни ахуалдың даму үрдістері, дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 4
- 17.11.2020, 09:30
- 17.11.2020, 19:30
Нахдбай Есимжан 17.11.2020, 11:10, Сұрақ нөмірі: 9891
Қазақстанда ресми тіркелген ғибадатханалардан тыс жерде діни уағыз жүргізушілердің жауапкершілігі заңда қаншалықты қамтылған? Мыңдаған жасты қысқа балақ пен мұртсыз сақалға кіріптар етіп, қыздардың қара жамылуына себеп болған діни ағымды «Асыл арнаы» арқылы 10 жыл бойы уағыздаған Мұхамеджан Тазабектовтің ҚМДБ алаңына ресми мәлімедеме жасау арқылы жазадан құтылып кетуіне неге жолберіп отырсыздар? Комитет тарапынан құзырлы органдарға нақты осы тұлғаны жауапқа тарту туралы қандай талап, арыз берілді?
ҚР АҚДМ Дін істері комитеті 17.November.2020, 17:44
Қайырлы кеш құрметті Нахдбай Есимжан! Ең алдымен, сұрақ қойғаныңыз үшін алғыс білдіреміз! Қазақстан Республикасы Конституциясының 19-бабының 1-тармағында «Әркім өзінің қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын өзі анықтауға және оны көрсету-көрсетпеуге хақылы» деп көрсетілген. Сонымен бірге, Мұхамеджан Тазабектің тарапынан қолданыстағы заңнаманы бұзу фактілері анықталмаған. Сондықтан оған қатысты қандай да бір талап-арыздар беру көзделіп отырған жоқ.