Елдегі діни ахуал туралы

Елдегі діни ахуалды талдау және мониторингтеу, сондай-ақ діни ахуалдың даму үрдістері, дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру

  • Сұрақтар: 4
  • Жауаптар: 4
  • 17.11.2020, 09:30
  • 17.11.2020, 19:30

Нахдбай Есимжан 17.11.2020, 11:10, Сұрақ нөмірі: 9892

  • 0

Конституция бойынша Қазақстан зайырлы мемлекет. Яғни, қандай да бір діннің насихатына бюджеттен қаржы бөлінуі мүмкін емес. Осы логикамен алсақ, мүфтият жанынан ашылатын «Халық арнаға» бюджеттен көмек болмауы керек. Бұл арнаны кім қаржыландырады? Мұхамеджан Тазабековтің «Асыл арнасын» кімнің қаржыландырғанын әлі күнге дейін ешбір құзырлы орган ашып айта алмай отырғанда, «Халық арнаға» кімдердің ықпал ететінін қалай бақыламақшысыздар?

ҚР АҚДМ Дін істері комитеті 17.November.2020, 17:16

Қайырлы кеш құрметті Нахдбай Есимжан! Ең алдымен, сұрақ қойғаныңыз үшін алғыс білдіреміз! Қазіргі таңда, еліміздегі есепке қойылған телеарналар тізілімінде діни телеарна тіркелмеген. «Асыл арна» телеарнасы өз қызметін рухани-ағартушылық, отбасылық телеарна ретінде жүргізуде. «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 4-1-бабына сәйкес бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттiк реттеу құқықтық қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау арқылы жүзеге асырылады. Заңың 7-бабының 1-тармақшасына сәйкес редакция меншік иесінің тапсыруы бойынша бұқаралық ақпарат құралын әзірлеуді және шығаруды (эфирге шығаруды) жүзеге асырады. Осыған орай, Министрлік телеарналардың ішкі істеріне араласпайды. Сондай-ақ, Министрлік бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті орган ретінде мерзімді баспасөз басылымдарын, ақпараттық агенттiктерді және желілік басылымдарды есепке қоюды, қайта есепке алуды жүзеге асырады. HALYK MEDIA GROUP» ЖШС тиесілі «Халық арна» 2017 жылы 10 шілдеде Министрліктен тіркеуден өткен. Аталған телеарна мемлекеттік болып саналмайды. Оның қызметі мен бағыты туралы толық ақпаратты Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасынан алған дұрыс деп пайымдаймыз. Министрлік жекеменшік телеарналардың қаржыландырылуы туралы мәселеге араласпайды. Ол телеарналардың ішкі жұмысы, меншік иесінің мүддесі деп санайды.