«Мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауы, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы және мемлекеттік қызметке түсу»
«Мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауы, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы және мемлекеттік қызметке түсу» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі Р.К.Тұңғышбаев
- Сұрақтар: 5
- Жауаптар: 5
- 17.11.2020, 11:00
- 17.11.2020, 16:00
Кулимгариева Жазира 17.11.2020, Сұрақ нөмірі: 9898
Сәлеметсіздер ме! Мен 2020 жылдың 10 қарашысында тесттен өтпей қалдым. Енді қандай мерзімде кері тапсыра аламын?
Атырау облысы 17.11.2020
Қайырлы күн! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестiлеуді ұйымдастыру, бағдарламалары мен қағидалары» Қағидаларының 19 тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеуден қажетті мәндерден төмен нәтиже алған "Б" корпусының лауазымына үміткерлері, қайта тестілеуге алдыңғы тестілеу өткізілген күннен бастап күнтізбелік он бес күннен кем емес мерзімнен кейін жол беріледі. Сауалыңызға алғыс білдіреміз!