«Мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауы, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы және мемлекеттік қызметке түсу»
«Мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауы, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы және мемлекеттік қызметке түсу» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі Р.К.Тұңғышбаев
- Сұрақтар: 5
- Жауаптар: 5
- 17.11.2020, 11:00
- 17.11.2020, 16:00
Қабделова Айсәуле 17.11.2020, Сұрақ нөмірі: 9901
1. Мемлекттік көрсетілетін қызметтер бойынша шағымдар қандай мерзімде қаралады:
2. Проактивті көрсетілетін қызмет дегеніміз не:
Атырау облысы 17.11.2020
Қайырлы күн! Бірінші сауалыңыз бойынша: мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25 бабына сәйкес, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап 15 он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Екінші сауалыңыз бойынша: қызмет көрсету субъектісінің бастамасы бойынша берілетін, қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алу субъектісінің ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы берілген келісімі міндетті түрде қажет болатын, электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызмет. Сұрақ қойғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!