«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.А. Назарбаевтың «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту (Рухани жаңғыру)» мақаласында айтылған тапсырмаларды іске асыру барысы туралы»
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.А. Назарбаевтың «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту (Рухани жаңғыру)» мақаласында айтылған тапсырмаларды іске асыруға қатысты сұрақтарды қарау
- Сұрақтар: 6
- Жауаптар: 6
- 17.11.2020, 09:00
- 17.11.2020, 18:00
Бейсембаев Амангельды 17.11.2020, 14:08, Сұрақ нөмірі: 9902
COVID-19-ға қарсы карантиндік шараларға байланысты іс жүзінде барлық іс-шаралар онлайн режимінде жүргізілуде. Қоғамдық сананы жаңғыртуда әлеуметтік желілердің рөлі қандай?
Шығыс Қазақстан облысы 17.November.2020, 15:50
Бүгінгі цифрлық дәуірде бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамға әсері айтарлықтай өсті. Бүгінгі таңда онлайн – қарым-қатынас пен талқылау форматы басымдыққа ие. Facebook, Instagram, YouTube, Twitter, Вконтакте сияқты әлеуметтік медианың түрлі алаңдарын «Рухани жаңғыру» бағдарламасын талқылаудың пәрменді құралдарының қатарына қосуға болады. «Рухани жаңғыру» өңірлік орталығы, Фейсбук және Инстаграм желілерінде қалалардың/аудандардың жобалық штабтары жариялаған материалдардың мазмұны мен идеялық бағыты бұрын жасалған контент форматын айтарлықтай кеңейтуге мүмкіндік берді - енді ол бірнеше функцияларды жүзеге асырады: ақпарат көзі ретінде қызмет етеді, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында тікелей жұмыс істейтін пайдаланушыларды (бейне сұхбат режимінде «Практикум сағаты», жаңа бастаған менеджерлер үшін «Тағылымдамадан өтуші күні») оқытуға ықпал етеді, бағдарламаның мақсаты мен міндеттерін насихаттаудың басты құралы және жекелеген адамдардың, топтар мен тұтас ұйымдардың өзара іс-қимылы мен коммуникациясы үшін алаң болып табылады. Әлеуметтік интернет-желілер сияқты қоғамдық сананы жаңғырту процесінің осындай тетігінің көмегімен қоғамда «Рухани жаңғыру» бағдарламасын дамытудың тұжырымдамалық бағыттарына сәйкес мінез-құлық модельдерін табысты қалыптастыруға болады. Бұған статистикалық деректер (2020 жыл) дәлел: әлеуметтік желілерде орналастырылған ақпараттық материалдардың саны бір айдағы 23 жарияланымнан (2020 жылғы қаңтар, ақпан) 132-ге дейін (2020 жылғы қазан), ал өңірлік орталықтың Instagram-дағы ресми парақшаларындағы жазылушылар саны 1438 адамнан (ағымдағы жылғы қаңтар) 14087-ге дейін (ағымдағы жылғы қазан айының басында өсті.); әр жарияланымда 1,5 мыңнан астам пікір, 50-ден астам пікір бар.