«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.А. Назарбаевтың «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту (Рухани жаңғыру)» мақаласында айтылған тапсырмаларды іске асыру барысы туралы»

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.А. Назарбаевтың «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту (Рухани жаңғыру)» мақаласында айтылған тапсырмаларды іске асыруға қатысты сұрақтарды қарау

  • Сұрақтар: 6
  • Жауаптар: 6
  • 17.11.2020, 09:00
  • 17.11.2020, 18:00

Мамбетова Манчук 17.11.2020, 16:31, Сұрақ нөмірі: 9904

  • 0

Пандемия кезеңінде өзекті мәселе - халықты жұмыспен қамту орталығына бармай-ақ жұмыс таңдауға бола ма?

Шығыс Қазақстан облысы 17.November.2020, 17:03

Бүгінгі таңда «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында электрондық еңбек биржасы әзірленіп, жұмыс істеуде (enbek.kz), үйден шықпай-ақ, өз бетінше қызықтыратын жұмысты таңдауға немесе түйіндемеңізді сайтқа орналастыруға мүмкіндік береді. ШҚО бойынша орналастырылған Бос орындар саны 33 мыңнан астам немесе бар бос орындардың жалпы санының 64% - ын құрайды. Жалақысы 100 мың теңгеден асатын 16 мыңнан астам бос жұмыс орны бар. Сондай-ақ, электрондық үкімет веб-порталы (e-gov) арқылы жұмыс іздеп жүрген адам немесе жұмыссыз ретінде электрондық құжат нысанында қосымшаға сәйкес тіркеу үшін мәліметтер нысанын толтырып қашықтықтан тіркелуге болады, бұл ретте халықты жұмыспен қамту орталығы көрсететін осы қызметті жеке келмей-ақ алу үшін электрондық цифрлық қолтаңба болуы қажет.