Байзақ ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы

Ауданның тыныс-тіршілігі

  • Сұрақтар: 5
  • Жауаптар: 4
  • 20.11.2020, 10:00
  • 20.11.2020

Аубакиров Базар 20.11.2020, 10:17, Сұрақ нөмірі: 9917

  • 0

Қайырлы күн! Сарыбарақ ауылына газ келгенімен тұрғындар неге әлі көгілдір отынның қызығын көре алмай отыр? Байзақ ауданында шаруалар қызылша жинау науқанын аяқтады ма, түсімі қаншалықты?

Жамбыл облысы 20.November.2020, 11:52

Қайырлы күн! Сарыбарақ ауылына көгілдір отын кіргізу бойынша құжаттар рәсімделген. 2020 жылдың 20 қараша, яғни бүгін ауыл ішілік газ жүйесіне қосылған тұрғандарға көгілдір отыны берілетін болады. Аудан аумағында қант қызылшасы 1321 гектарға егілген. Бүгінгі күні 1277 гектарда толықтай жиналды. Өнімділігіне келетін болсақ, шаруа қожалықтар бір гектардан 318 центнер өнім алуда. Жалпы жиналған өнім 40608 тоннаны құрады.