Атырау облысы Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы
Тіл саясаты, Қазақстандағы тілдік ахуал саласындағы жағдайлар
- Сұрақтар: 1
- Жауаптар: 1
- 20.11.2020, 16:00
- 20.11.2020, 18:00
Исамбергенова Әйгерім 20.11.2020, 16:24, Сұрақ нөмірі: 9924
Сәлеметсіз бе?! Көшедегі билбордтар және шағын дүкендер қаншалықты тексерістен өтеді? Қазақ тілінде жазылуы тексеріле ме?
Атырау облысы 20.November.2020, 16:54
Қайырлы күн, Әйгерім! Сұрағыңызға рақмет! Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы"Заңының 21-бабына сәйкес көрнекі ақпараттың мәтіні (соның ішінде билборд және шағын дүкен атауы) мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылуы қажет. Аталмыш талаптың сақталуына бақылау жүргізетін жергілікті атқарушы органдар болып табылады. Яғни, тіл саясатын іске асыруға жауапты облыстық, қалалық, аудандық бөлімшелер. Осы ретте, кемшіліктерді жою мақсатында үнемі өткізілетін қоғамдық акциялар арқылы түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. ЕСКЕРТПЕ: әзірге қолданыстағы заңнама аясында аталған мәселеге қатысты тексерістер жүргізуге мүмкіндік жоқ.