«Мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауы, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы және мемлекеттік қызметке түсу»
«Мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауы, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы және мемлекеттік қызметке түсу» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Атырау облысы бойынша департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы С.С.Муксимов жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 4
- 24.11.2020, 11:00
- 24.11.2020, 16:00
Нуржанова Айгерим 24.11.2020, 13:23, Сұрақ нөмірі: 9928
Әдеп жөніндегі кеңес туралы айтып жіберсеңіз?
Ердәулет Мейірім 24.11.2020, 13:30
Сәлеметсіз бе,Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы әдеп жөніндегі кеңестері Агенттіктің алқалы органдары болып табылады. Әдеп жөніндегі кеңес өз қызметін "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының заңдарына, осы Ережеге, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады және заңдылық, объективтілік пен әділдік, әдептілік, қоғамдық пікір мен жариялылықты ескеру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын қолдану қағидаттарын басшылыққа алады. Әдеп жөніндегі кеңестің негізгі міндеттері: 1) сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және қызметтік әдеп нормаларын бұзушылықтардың, оның ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтардың профилактикасына бағытталған іс-шаралар әзірлеу;
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 24.November.2020, 15:04
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы әдеп жөніндегі кеңестері Агенттіктің алқалы органдары болып табылады. Әдеп жөніндегі кеңес өз қызметін "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының заңдарына, осы Ережеге, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады және заңдылық, объективтілік пен әділдік, әдептілік, қоғамдық пікір мен жариялылықты ескеру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын қолдану қағидаттарын басшылыққа алады. Әдеп жөніндегі кеңестің негізгі міндеттері: 1) сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және қызметтік әдеп нормаларын бұзушылықтардың, оның ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтардың профилактикасына бағытталған іс-шаралар әзірлеу; 2) мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдепті сақтаудағы жауапкершілік деңгейін арттыруды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдау; 3) әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметін үйлестіру және мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларымен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу болып табылады. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аумақтық органының басшысы лауазымы бойынша Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы болып табылады.