«Халықтың әр түрлі топтарының "Ашық деректерге" қажеттілігін анықтау мәселесі»
«Халықтың әр түрлі топтарының "Ашық деректерге" қажеттілігін анықтау мәселесі» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Г.Н.Әбдіқалықованың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 3
- 25.11.2020, 10:00
- 25.11.2020, 17:00
Рустемова Рабига 25.11.2020, 11:11, Сұрақ нөмірі: 9931
Құрметті Гүлшара Наушақызы!
«Ашық деректер» порталында қандай органдардың деректері орналастырылған?
Қызылорда облысы 25.11.2020
Сәлеметсіз бе, Рабиға! Сұрағыңызға рахмет. Ашық деректер интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер жиынтығының тізбесі Қызылорда облысы әкімдігінің 2019 жылғы 23 желтоқсандағы № 128 қаулысымен бекітілген. Бекітілген қаулыға сәйкес Қызылорда облысы әкімі аппаратының, 17 облыстық басқармалары, атап айтқанда қаржы, ішкі саясат, білім, денсаулық сақтау, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармалары мен тағы да бірқатар басқармалардың және Қызылорда облысының Полиция департаменті мен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Қызылорда облысының Статистика департаментінің деректері орналастырылған. Аталған деректер өзектендіру мерзімдеріне (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжыл сайын, жыл сайын және қажеттілігіне қарай) сәйкес тексеріп, жинақтап, «Ашық деректер» интернет-порталына орналастырылып отырылады.