«Халықтың әр түрлі топтарының "Ашық деректерге" қажеттілігін анықтау мәселесі»

«Халықтың әр түрлі топтарының "Ашық деректерге" қажеттілігін анықтау мәселесі» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Г.Н.Әбдіқалықованың қатысуымен өтетін интернет-конференция

  • Сұрақтар: 3
  • Жауаптар: 3
  • 25.11.2020, 10:00
  • 25.11.2020, 17:00

Бестаев Алмат 25.11.2020, 11:37, Сұрақ нөмірі: 9932

  • 0

Құрметті Гүлшара Наушақызы! Ашық деректер порталында деректері орналастырылатын мемлекеттік органдарынан басқа қандай мекемелердің деректері орналастырылған?

Қызылорда облысы 25.November.2020, 13:10

Сәлеметсіз бе, Алмат! Сұрағыңызға рахмет. 2019 жылғы 25 қарашасында Қызылорда облысының әкімі аппаратымен бекітілген Қызылорда облысы әкімдігінің ведомстволық ұйымдарының ашық деректер тізбесіне сәйкес «Ашық деректер» порталында «Қызылорда өңірлік инвестициялық орталығы» шағын қаржы ұйымы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің, «Қайсар» облыстық футбол клубы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің, «Қорқыт ата» әуежайы» акционерлік қоғамының, «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акицонерлік қоғамының, «Сыр медиа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің деректері орналастырылған.