Мойынқұм ауданындағы өндіріс саласы туралы
Аудандағы өндіріс саласының дамуы туралы
- Сұрақтар: 2
- Жауаптар: 2
- 27.11.2020, 10:00
- 27.11.2020, 13:00
Аубакиров Нурхат 27.11.2020, 10:51, Сұрақ нөмірі: 9941
Қайырлы күн,Мәден Тоқтарбайұлы! Мойынқұм ауданы тұрғындары қашан көгілдір отынмен қамтылады?Жалпы жоспарда барма? Қай жылдары келеді? Толық нақты жауап берсеңіз
Жамбыл облысы 27.11.2020
Қайырлы күн, Нұрхат! Мойынқұм ауданындағы 9 елді мекендерді (Кеңес, Бірлік, Биназар, Назарбеков, Көкжелек, Күшаман, Жамбыл, Мойынқұм, Қылышбай) газдандыру мақсатында жоба жасауға «Тараз Гео Проект» ЖШС-гі (Кеңес, Бірлік, Биназар, Назарбеков, Көкжелек, Күшаман, Жамбыл, Мойынқұм, Қылышбай) ауылдық округтерінен газдандыру бойынша (шрп) орналастыруға 5 соттық жер актісі алынды. Шу ауданы Д.Қонаев ауылынан бастап – Мойынқұм ауданы, Қылышбай ауылына дейін 136 км болды. Газдандыру мақсаты бойынша (жобалық сметалық құжаттаманы) «Жамбыл АгрогазПроект» ЖШС-гі егжей – тегжейлі зертеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осыған орай тиісті құжаттар әр ауылдық округтер бойынша халық, отбасы саны, мекемелер, кәсіпкерлер т.б. газ тұтынушы тұлғалардың кестесін және аталған ауылдардың көше сызбасын, олардың ұзындығын, жалпы ұзындығын белгілеп, «ЖамбылАгрогазПроект» ЖШС-гіне ұсынылды. Қазіргі таңда «ЖамбылАгрогазПроект» ЖШС-гінің есебі бойынша 9 ауылдық елді мекенің газдандыру жобасын егжей – тегжейлі зертеу жұмыстарына ЖСҚ – на (227 191 млн.) құрады. Әр ауылдық округке газдандыру жүйесін тарту жалпы (136 км) болды, жер актісін алу (25 243 млн.) теңге құрады. 2021 жылдық бюджеттік өтінім берілді.