Мойынқұм ауданындағы өндіріс саласы туралы
Аудандағы өндіріс саласының дамуы туралы
- Сұрақтар: 2
- Жауаптар: 2
- 27.11.2020, 10:00
- 27.11.2020, 13:00
Аубакиров Нурхат 27.11.2020, 10:57, Сұрақ нөмірі: 9942
Фейсбук әлеуметтік желісінде азамат Мұхтар Тінекеев Мыңырал ауылдық округі әкімдігінің Мыңарал ауылындағы Сәкен Сейфуллин көшесінің атауын Саршокен Қашқынбеков деп өзгертуге байланысты заңсыз әрекеттері туралы жазбасына қатысты не айта аласыз? Жалпы Мыңаралаауылдының әкіміне қатысты соңғы шешім қандай болды?
Жамбыл облысы 27.11.2020
Мойынқұм ауданы Мыңарал ауылындағы Сәкен Сейфуллин атындағы көшені алып тастап еңбек және соғыс ардагері округ әкімі өзінің әкесі Саршөкен Қашқынбековтің атына берілді деген ақпарат бойынша Мыңарал кенттік округі әкімінің 18 қыркүйек 2003 жылғы №21 шешіміне сәйкес Мыңарал кентіне (қазір ауыл) қарасты көшеге еңбек және соғыс ардагері С.Қашқынбековтың аты берілген. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Жамбыл облысының Әділет департаментінің 02.11.2020 жылғы Заңды бұзуды жою туралы Ұсынысына сәйкес 04.10.2020 жылғы Мыңарал ауылдық округі әкімінің «Мыңарал кенгттік округінде көше атаулысын беру» туралы №18 шешімімен Мыңарал кенттік округі әкімінің 18.09.2003 жылғы №21 шешімінің күші жойылды, себебі кезінде аталған шешім әділет органдарынан тіркеуден өткізілмеген. Бігінгі күні, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» №138 қаулысының талаптырына сәйкес көшеге атау беру жұмыстары жүргізілуде.