Халықтың әлеуметтік осал топтарын мемлекеттік қолдау
«Халықтың әлеуметтік осал топтарын мемлекеттік қолдау» тақырыбындағы интернет-конференция. Сұрақтарға Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасының басшысы Алмаз Темірболатұлы Қошманов жауап береді
- Сұрақтар: 2
- Жауаптар: 2
- 27.11.2020, 10:00
- 27.11.2020, 18:00
Султанова Айнагуль 27.11.2020, 17:07, Сұрақ нөмірі: 9948
Атаулы әлеуметтік көмек алушы аз қамтылған отбасыларға тағы қандай әлеуметтік қолдау шаралары қарастырылған?
Солтүстік Қазақстан облысы 27.November.2020, 17:13
Конференцияға қатысуыңыз үшін рахмет. «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Қазақстан Республикасының Халқына Жолдауына сәйкес Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевтың тапсырмасы бойынша ағымдағы жылдың басынан бастап АӘК алатын отбасылардан шыққан балаларға кепілдендірілген әлеуметтік топтама ұсынылады. 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалар тамақ өнімдерімен және тұрмыстық химия тауарларымен қамтамасыз етіледі. Азық-түлік жиынтығы 1 жастан 3 жасқа дейін және 3 жастан 6 жасқа дейін балалардың жас санатына байланысты құрамы бойынша ерекшеленеді. 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға арналған азық-түлік себетінің құрамы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынымдары бойынша әзірленген, жиынтықтар физиологиялық ерекшеліктерді, өнімдердің азық-түлік және энергетикалық құндылықтарының арақатынасын және жасына сәйкес оларды пайдалану нормаларын ескере отырып қалыптастырылған. Жинақтар өсіп келе жатқан ағзадағы дәрумендердің жетіспеушілігін өтеуге арналған. Азық-түлік жиынтығы әр балаға айына бір рет, атаулы әлеуметтік көмек тағайындау кезеңіне, гигиеналық құралдар - тоқсанына бір рет беріледі. Уақытты үнемдеу және азық – түлік және гигиеналық жиынтықтар құрамының ассортиментін кеңейту мақсатында 2021 жылдан бастап кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы ұсыну Әлеуметтік қызметтер порталына (бұдан әрі-Портал) ауыстырылады. Ағымдағы жылдың қазан айынан бастап облыстың барлық өңірлерінде "пилоттық" режимде Портал арқылы кепілдендірілген әлеуметтік топтамаға тапсырыс беру үерісі іске қосылды, облыс бойынша 230-дан астам тапсырыс жүзеге асырылды.