«Мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауы, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы және мемлекеттік қызметке түсу»
«Мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауы, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы және мемлекеттік қызметке түсу» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі Р.К.Тұңғышбаев
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 5
- 03.12.2020, 11:00
- 03.12.2020, 16:00
Кожамжарова Толкин 03.12.2020, Сұрақ нөмірі: 9952
Сәлеметсізбе. Ауданға әкімдікке бас маман болып жұмысқа кіру үшін стаж керекпе?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 03.12.2020
Сәлеметсізбе. Қала, аудан және селолық округтердегі бас маман лауазымына жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді. Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе сол санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.