«Мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауы, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы және мемлекеттік қызметке түсу»
«Мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауы, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы және мемлекеттік қызметке түсу» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі Р.К.Тұңғышбаев
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 5
- 03.12.2020, 11:00
- 03.12.2020, 16:00
Бақтыбек Нұрбақыт 03.12.2020, Сұрақ нөмірі: 9953
Сәлеметсіз бе? Әдеп кодексінің нормасын бұзғаным үшін тәртіптік жазам бар. Осыған орай, мен жоғары тұрған мемлекеттік лауазымға көтеріле аламын ба?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 03.12.2020
Сәлеметсіз бе, ҚР «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 37б. 3т. сәйкес мемлекеттік қызметшіге оның қызметтік әдеп нормаларын бұзғаны не мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін алынбаған тәртіптік жазасы болған кезде ауысу тәртібімен, сондай-ақ конкурстардың қорытындылары бойынша мемлекеттік лауазымға орналасуына жол берілмейді.