«2020 жылғы ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қолдаулар»

«2020 жылғы ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қолдаулар» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Г.Н.Әбдіқалықованың қатысуымен өтетін интернет-конференция

  • Сұрақтар: 5
  • Жауаптар: 5
  • 09.12.2020, 10:00
  • 09.12.2020, 17:00

Баимбетова Гулсим 09.12.2020, 10:44, Сұрақ нөмірі: 9971

  • 0

Құрметті Гүлшара Наушақызы! Облыста жеміс ағаштарының көшетін өсіріп сатумен айналысатын тұқым шаруашылықтары бар ма?

Қызылорда облысы 09.December.2020, 11:05

Сәлеметсіздер ме! Сұрағыңызға рахмет. Өте орынды сұрақ қойып отырсыз. Өткен жылдың тамыз айында Жаңақорған ауданына қарасты "7 KZ Сыр табиғаты" ЖШС-не жеміс ағаштарының элиталық көшеттерін өсірумен айналысатын арнайы статусы (мәртебе) берілді. Осы шаруашылықта 135 мыңға жуық өз өңірімізге бейімделген алма, алмұрт, шабдалы, тағы басқа жеміс ағаштарының көшеттері көктемгі егіске сатылуға дайын. Қазіргі таңда өңірдегі шаруашылықтар арасында насихаттануда.