«2020 жылғы ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қолдаулар»
«2020 жылғы ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қолдаулар» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Г.Н.Әбдіқалықованың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 5
- Жауаптар: 5
- 09.12.2020, 10:00
- 09.12.2020, 17:00
Кенжебек Ілияс 09.12.2020, 11:28, Сұрақ нөмірі: 9972
Сәлеметсіз бе Гүлшара Наушақызы? Аймақтың егіншілік саласын әртараптандыру мақсатында қандай шаралар қабылдануда?
Қызылорда облысы 09.December.2020, 11:58
Сәлеметсіз бе! Суармалы суға байланысты жыл сайынғы мәселелерді ескере отырып, бізге қысқа мерзімде ауыл шаруашылығы өндірісін, әсіресе егіншілік саласын әртараптандыру қажет. Сондықтан ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемдерін ғылыммен бірлесіп, күріштің егіс көлемін 80-85 мың гектар көлемінде тұрақтандырып, суды аз қажет ететін дақылдардың егіс көлемдерін ұлғайтуға жұмыс жасаудамыз. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруде жаңа заманауи суару жүйелерін – аквагельдерді, тамшылатып және жаңбырлатып суару жүйелерін өндірісте пайдалануға ерекше назар аударамыз. Бүгінгі күні бірнеше жобалар, нақтырақ айтқанда «Tin Oris» ЖШС «Шиелі ауданында 10 мың гектар га алқапқа жаңбырлатқыш суару әдісімен жоңышқа өсіру», «Orbis Agro» ЖШС «Жаңақорған ауданы, Бесарық ауылынан 3 мың гектар алқапқа тамшылатып суару әдісімен өнеркәсіптік қызанақ өсіру» инвестициялық жобалары және Қазалы ауданында «Рза-Агро» ЖШС «87 гектар жерге жаңбырлатып суару әдісімен сүрлемдік жүгері дақылын егу» жобалары бастау алды. Жаңақорған ауданында аквагельдерді пайдалану бойынша жақсы тәжірибеміз бар. Осылайша, биылғы жылы егілген 80 гектар күздік бидайдың әр гектарынан 18 центнерден өнім алынды. Алдағы жылы осы ауданға қарасты «Пазылбек қажы» шаруа қожалығы ылғал сақтағыш аквагельдерді пайдалану арқылы 500 гектар жерге мақсары, 200 гектар жерге жаздық бидай дақылдарын егуді межелеп отырмыз. Бұл тәжірибе әрі қарай басқа шаруашылықтарға да таратылатын болады.