«2020 жылғы ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қолдаулар»
«2020 жылғы ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қолдаулар» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Г.Н.Әбдіқалықованың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 5
- Жауаптар: 5
- 09.12.2020, 10:00
- 09.12.2020, 17:00
Сактапбергенова Томирис 09.12.2020, Сұрақ нөмірі: 9974
Облыста құс шаруашылығын дамыту бағытында мемлекет тарапынан қандай қолдаулар қарастырылған?
Қызылорда облысы 09.12.2020
ҚР АШМ-ің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108 «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау туралы» бұйрығына сәйкес, мемлекет тарапынан мал шаруашылығын қолдаумен қатар құс шаруашылығын да субсидиялау жолдары қарастырылған. Атап айтқанда сатып алынған асыл тұқымды тәуліктік балапандарды субсидиялау, құс фабрикаларында өндірілген жұмыртқалардың және құс еттері өндірісінің көлемдері субсидияланады. Үстіміздегі жылы облыс бойынша алғаш рет Шиелі ауданындағы «Мөлдір и К» ЖШС құс фабрикасы сатып алған асыл тұқымды тәуліктік балапандарына субсидия алуға қол жеткізді. Ал жұмыртқа, құс еті өндірістерінің көлемін субсидиялайтындай облыста 2 ірі жобаны іске асыру бағытында жұмыстар атқарылуда. Қармақшы ауданындағы қуаттылығы жылына 1500 тонна құс етін өндіретін жалпы құны 1,9 млрд. теңге «Қармақшы құс» ЖШС-ің құс фабрикасы алдағы жылы іске қосу жоспарлануда және Жаңақорған ауданына қарасты қуаттылығы жылына 3500 тонна құс етін өндіретін жалпы құны 4,0 млд. теңгені құрайтын «Абдулла» ШҚ-ың құс фабрикасының құрылысы 2021 жыл басталатын болады.