«2020 жылғы ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қолдаулар»
«2020 жылғы ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қолдаулар» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Г.Н.Әбдіқалықованың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 5
- Жауаптар: 5
- 09.12.2020, 10:00
- 09.12.2020, 17:00
Нысанбекова Аягөз 09.12.2020, Сұрақ нөмірі: 9975
Құрметті Гүлшара Наушақызы! азық-түлікпен қамтамасыз етілу деңгейі қалай және биылғы жылға жеткілікті өнім қоры бар ма?
Қызылорда облысы 09.December.2020, 13:05
Сәлеметсіз бе! Сұрағыңызға рахмет! Жалпы облыс өз өндірісі есебінен күріш өнімімен 19 есеге, ас тұзымен 20 есеге қамтамасыз етсе, картоппен 50% шамасында, басқа да көкөніс өнімдерімен 20%-дан астам қамтамасыз етуде. Сондай-ақ, сиыр етімен, сүтпен 60 пайыз болса, сүт өнімдері, құс еті, тауық жұмыртқасының өз өндірісіміз есебінен қамтамасыз етілуі 5%-ға жетпейді. Ал, 14 түрлі негізгі азық-түлік тауарлары түрі бойынша импортқа тәуелді. Қазіргі таңда облыста әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің 10,0 мың тонна қоры тіркелуде. Оның ішінде қала және аудандардағы ірі сауда орындарында жалпы 6,2 мың тонна әлеуметтік өнім көлемдері сақталып сатылуда. Жалпы жыл басында пандемия таралу жағдайында тұрақтандыру қорын толықтыруға облыстық бюджеттен 4,1 мың тонна өнім сатып алуға 834,9 млн. теңге бөлініп, тиісті өнімдер сатып алынды. Бүгінгі күнге тұрақтандыру қорына күзгі егіннен 700 тонна картоп, 500 тонна басты пияз, 200 тонна сәбіз сатып алынып, жалпы барлығын қосқанда 3,4 мың тонна өнім қоры сақталып, сатылуда. Сондай-ақ, қазіргі таңда тұрғындар тарапынан сұраныс ұлғаюына байланысты тұрақтандыру қорына қосымша 23 тонна өсімдік майын, 32 тонна қарақұмық жармасын, 50 тонна қырыққабат, 46,9 тонна қант және 300 тонна картоп сатып алу бойынша жұмыстары жүргізілуде. Үстіміздегі жылы арнайы бекітілген кестеге сәйкес әр демалыс күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері ұйымдастырылып, өнімдер нарық бағасынан төмен бағада сатылып келеді. Жәрмеңке өткізу жалғастырылуда. Баға тұрақтандыру бағытында қабылданған шаралардың арқасында облыстағы азық-түлік бағалары тұрақталып, облыста әлеуметтік маңызы бар негізгі азық-түлік тауарларының индексі 108,0% (ҚР – 109,0%).