- ҚР Денсаулық сақтау министрілігі
- 17.10.2019, 15:20
- 41
Мен Шонай Әзиза Даниярқызы Қызылорда қаласы 12 мамыр 1998 ж.туылғанмын өзімнің жан айқайымды Сіздерге түсінікпен қарайды деп ойлап жазамын; Мен мүмкіндігі шектеулі азаматпын, 2019 жылдың тамыз айында мүгедектігіне байланысты қайта тағайындау үшін медкомиссиядан өтуге емханадан жолдама алдым. 2017 жылы шілде айында қайта жәрдемақыны тағайындау үшін Абдалиева Назгул деген МЭС 3 бас маманы басшының м.а. жұмыс атқарып отырған кезінде бала кезімнен алып отырған жәрдемақымды тоқтатты, ол шешіммен мен келіспей науқас адамды бір қарағанда танымай жәрдемақымды тоқтатқанға жаман жүйкем тозып өз құқымды қорғау үшін арыздандым ол қосымша салынды.Сөйтіп медкомиссия қайта жиналып мені тексеріп, өлшеп аяқ қолымды сай келмейтінін дәлелдеп мені мүмкіндігі шектеулі азамат ретінде танып мүгедектігіне байланысты жәрдемақым тағайындалды. Мен көрінетін кезде мені тексерген және мүмкіндігі шектеулі азамат деп таныған МЭС 3 еңбек демалысында болып шықты. Мені МЭС 1 бөлімінің басшысы және бас мамандары, врач неврапотолог Тулепов Асхат Серікбаевич қабылдады. Бұл кісілер мені бірінші рет тексеруде.Тулепов Асхат менім аяқ қолымды өлшеген жоқ, дұрыстап қараған жоқ менім ауруыма байсала қарады. Мені екінші рет мүгедектігіне байланысты жәрдемақыдан алып тастауға шешім қабылдадып мені тағы арыз жазуға мәжбүрлеп отыр. Неге мен әр медкомиссиядан өту үшін ауруымды дәлелдеуім керек, сол ауру диагноз қойып отқан білікті мамандар емеспа, неге мен сол кісілермен өз ауруымды дәлелдеуім керек???? Мен мүмкіндігі шектеулі азамат бола тұрып, анам қатардан қалмасын деп мені оқытып және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша Мамандандырылған бөлімінде маман болып жұмысқа тұрғызуға үлесін қосты, өздеріңіз білетін «Азаматтарға арналған үкімет» қабылдау уақыты 15 минут, мен ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) қабылдау жағынан жұмыс атқарып отырдым. Мамандандырылған бөлімінің басшысы Шайхсламова Анар менің оң қолым дұрыс жұмыс жасамайтындығын , қозғалмастан жататының және бырыңғай сол қолыммен жұмыс атқарып отырғандығын байқады, уақытқа үлгірмейтінімді көріп мені өз өзіне қызмет көрсететін жағына ауыстырды, ол жақта сол қолыма қалам ұстап халыққа қызметті электрондық үкімет портал арқылы алуға қызмет атқарып отырмын, уақыт шектеусіз. Бірінші арыз жазғанымда мен шара қолдануын талап еткен жоқ едім өйткені ол кезде Абдалиева Назгул деген МЭС 3 бас маманы басшының м.а. атқарып отырған маман екі қабат еді балаға зиян келер деген оймен мен жазған жоқпын, бұл енді қайтадан екінші рет қайталанып отқан үшін мен әділ шешім қабылдайсыздыр деген үмітпен және мені екінші рет алып тастаған үшін шара қолдануларыңызды сұраймын. Неге мен бала кезімнен алып келе жатқан жәрдемақымды алып тастап әділетсіздікке жол беруім керек??? Мен мүмкіндігі шектеулі азамат болсамда өз құқымды қорғауға мүмкіншілігім және білімім жетеді деп ойлаймын. Әр азамат өз құқығын қорғауға міндетті. Кәзіргі таңда мен осы алып отырған жәрдемақы арқылы быраз ем қабылдап санаторияларға мамамның кредиты көп болсада маған жол пұлымды тауып беріп, бару керек саған ем қабылдау керек деп жіберіп отыр оған алғысым шексіз. Ем уақытылы қабылдамасам басым айналып әлсіздік пайда болады, аяқ қолым сыздап ауырады және диета сақтап жүрем өйткені мен кішкентай салмақ жинасам менім аяқ қолдарымның айырмашылығы қатты білінеді. Ақылы массаж, парафин, алтын ине жаз бойы қабылдайм. Жүйкем осы аурудан әбден тозған, әріптестерім менімен сөзге келмеуге тырысады. Бесінші қабаттағы ипотекалық пәтерде тұрамыз, бесінші қабатқа көтеріліп түсі маған оңайға соқпайды үйге кіргенде аяғым ауырып кіреді Мен осы өтінішім арқылы Сіздерден әділ шешім қабылдап бала кезімнен алып келген жәрдемақымды қайта тағайындап береді деп үміттемін. Менім жан айқайымды естірсіздер деген үміттемін. Әзиза Даниярқызы өз қолыммен жазылды. 17.10.2019ж. Қызылорда қаласының тұрғыны Ә.Д.Шонайдан Тел: 87751729422 (Анам) 87071487017 (Менікі)
- Администратор
- Қарастырылуда
- 21.10.2019 10:09