«Мемлекеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру туралы»

Ұлттық экономика министрлігі 2019 жылы «Мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы» «Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулы жобасын әзірледі. Қаулы жобасында Мемлекет басшысының Қазақстан Республикасы Президентінің «Баршаға Игілік! Сабақтастық. Әділдік. Прогресс» және «Бірге» жалпыұлттық акциясы барысында алынған ұсыныстар: 1) «Қарсы міндеттеме» ұғымын енгізу; 2)мемлекеттік бағдарламада мемлекеттік қолдау шараларын енгізу кезінде міндетті түрде қарсы міндеттемелерді бекіту туралы салалық мемлекеттік органдар үшін талаптарды енгізу; 3) мемлекеттік қолдау шараларын іске асырудың тиімділігін бағалаудың салалық әдістемесін әзірлеу туралы салалық мемлекеттік органдар үшін талаптарды енгізу; 4)ЖАО-ны мемлекеттік бағдарламаларды келісу рәсіміне енгізу; 5)мемлекеттік органның актісімен мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеу және түзету бойынша тұрақты жұмыс тобын құру (қазір ҚР Премьер-Министрінің өкімімен); 6)мемлекеттік бағдарлама бөлімі «Күтілетін әлеуметтік-экономикалық тиімділік» атты жаңа бөліммен толықтырылады; 7) Мемлекеттік бағдарламалар мен АДБ-да көрсеткіштер картасы енгізіледі (Мемлекеттік органдардың орындаушылары мен бірлесіп орындаушылары бөлінісінде нысаналы индикаторлар мен көрсеткіштерді бекітуді егжей-тегжейлі көрсету); 8) мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының және АДБ-ның жаңа форматы бекітіледі («Ағымдағы ахуалды талдау» бөлімі стратжоспарларда алынып тасталады, көлемі 75%-ға қысқарады. Индикаторларды бюджеттік қаржыландырумен байланысты макроиндикаторлар мен нысаналы индикаторларға бөлу болады); 9)мемлекеттік бағдарламаның мониторингі бойынша мемлекеттік органның есебі толықтырылады. Есепте алушылар, нақты әсерлер, сондай-ақ жүргізілген салалық бағалау нәтижелері бойынша ақпаратты егжей-тегжейлі көрсете отырып, мемлекеттік қолдау шараларын көрсету көрсетілетін болады; 10)ҰЭМ-нің мемлекеттік бағдарламаларды мониторингтеу және бағалау жөніндегі қорытындысы толықтырылады. Мемлекеттік қолдау шаралары бойынша ҰЭМ-нің экономикалық орындылығы, тиімділігі және басымдығы бөлігіндегі тұжырымы көрініс табатын болады; 11)Мемлекет Басшысының тапсырмаларын қоспағанда, мониторинг қорытындылары бойынша мемлекеттік бағдарламалардың көрсеткіштерін түзету мүмкіндігі алып тасталады; 12)Мемлекет Басшысының тапсырмаларын қоспағанда, мемлекеттік бағдарламаны жаңа редакцияда қайта бекітуге тыйым салынады; 13)ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының және ҚР Премьер-Министрінің тапсырмалары бойынша мемлекеттік бағдарламаларға жоспардан тыс бағалау енгізіледі (қазір жылына 1 рет тек ағымдағы жылдың наурыз айында өткізіледі). Мемлекет басшысының ЖҰЖ-ның 3-тармағы бойынша мемлекеттік жоспарлау жүйесіне ұлттық жобаларды енгізу жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында Ресей Федерациясының тәжірибесі зерделенді. Сараптамалық қоғамдастықпен, оның ішінде халықаралық қаржы ұйымдарының (ДБ, ЕИДБ) өкілдерімен талқылау жүргізілді.

  • Сұрақтар: 0
  • Жауаптар: 0
  • 341
  • 27.11.2020, 10:00
  • 27.11.2020, 14:00
  • ҚР Ұлттық экономика министрлігі
Бірде бір сұрақ жоқ