Жынысын ауыстыру сұрақтар(медициналық түзету жыныс)
Тұңғыш рет жынысты түзету бойынша медициналық араласулар өткен жүзжылдықтың 30 жылдарынан бастап бастап жүргізіле бастады, бірақ жынысты толық түзету алғаш рет тек 1972 жылы Кеңес Одағында аяқталды. Осы уақыттан бастап медициналық шаралар дәлелдемелі медицинаның негізінде соңғы білімдерді қолдана отырып, әлемнің көптеген елдерінде жүргізіліп жатыр. Тиісінше осы шаралар заңды түрде әлеуметтік құрылым мен діни сенімге қарамастан заңды түрде бекітілді. Бүкіл республиканың аумағында жынысты медициналық түзетуді бірдей жүзеге асыру үшін 2003 жылы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен жыныстық сәйкестендіру бұзылулары бар адамдарды медициналық куәландыру қағидалары бекітілді. Бұл 2009 жылғы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде де көрініс тапты және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы қаулысымен, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы бұйрығымен реттелінді. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының жаңа Кодексінің қабылдануына байланысты заңға тәуелді нормативтік актілерді қайта жариялау қажеттілігі туындап, бұл жұмыс жүзеге асырылды. Демек, өздерінің жыныстық сәйкестігін өзгерту үшін медициналық араласуларға жүгінетін адамдардың мұны бір сәттік қалауының, қисынсыз назының салдарынан жасамайтынын, керісінше гендерлік сәйкестігі мен туылғанда берілген жынысының арасындағы келіспеушіліктердің салдарынан пайда болған дистресстің ұзақ мерзімдік күйінің нәтижесінде амалсыз осы шараға жүгінетінін айтып өткен жөн. Дәл осы себепті заманауи медициналық тәжірибеде жынысты медициналық түзету гендерлік дисфориядан арылудың және осы күйді жеңілдетудің жалғыз тәсілі ретінде танылды.
- Сұрақтар: 1
- Жауаптар: 1
- 877
- 22.01.2021, 10:00
- 22.01.2021, 17:00
- ҚР Денсаулық сақтау министрілігі
Сериков Данияр 22.01.2021, 16:21 Сұрақ нөмірі: 10109
Здравствуйте, сколько операций по смене пола было проведено в Казахстане в 2020 году? В основном на это идут мужчины или женщины, как распределились цифры по ним в прошлом году? сколько таких операций планируется провести в 2021 году? В какой клинике они обычно проводятся - в Алматы или столице, и сколько в среднем стоит операция? Она оплачивается обычно за счет частных средств или могут быть использованы средства из ФСМС или бюджета в рамках госзаказа? Какие новые подзаконные акты были приняты после утверждения кодекса о здоровье, что они в целом регламентируют? Как быстро государство оформляет документы лицам, изменившим пол?
Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)