Қазақстандағы Ғылым күніне арналған жас ғалымдардың онлайн конференциясы. Конференция тақырыбы: «Атом. Ғылым. Технологиялар»

Қазақстанның Ғылым күніне орайластырылған жас ғалымдардың онлайн-конференциясы. «Атом. Ғылым. Технологиялар» – бұл өз тақырыптамасы бойынша жетекші қазақстандық және шетелдік ғалымдардың қатысуымен өтетін ғылыми конференция, оның шеңберінде жетекші ғалымдар жас ғалымдар мен мамандарға конференция тақырыптамасы бойынша оларды ғылыми зерттеулердің соңғы нәтижелерімен таныстыру, жас ғалымдардың зерттеулер жүргізу барысы мен нәтижелерін талқылау мақсатында ғылыми мектеп өткізеді. Сонымен бірге конференция: міндетті түрде жас ғалымдардың, студенттердің, магистранттар мен докторанттардың ғылыми-зерттеу жұмыстары нәтижелерінің баяндамалар түріндегі презентацияны қарастырады; конференция тақырыптамасы бойынша теория, практика және инновациялық менеджмент саласындағы жетекші ғалымдардың пленарлық шолу және мамандандырылған баяндамаларын қамтиды; қатысушыларды кеңірек қамту үшін мультисекциялық болып табылады.

  • Сұрақтар: 0
  • Жауаптар: 0
  • 267
  • 12.04.2021, 10:00
  • 14.04.2021, 15:00
  • «Ядролық физика институты» РМК
Бірде бір сұрақ жоқ