Атом саласының өзекті экологиялық, медициналық және материалтану міндеттерін шешуге арналған технологиялық негіздерді әзірлеу, оларды тиімді пайдалануға бағытталған ғылыми-технологиялық әлеуетті дамыту.

Интернет-конференция радиацияның жоғары дозалары кезінде ядролық реакторлардың конструкциялық материалдарын пайдалану мерзімдерін арттыруды ескере отырып, атом станцияларының қауіпсіздігі мен үнемділігі мәселелерін қарастыруға арналған. Ядролық отынның жануының жоғары дәрежесіне қол жеткізу және атом реакторларын қауіпсіз пайдалану мерзімдері жылу бөлгіш жинамалар материалдарының, жылу бөлгіш элементтер қабықшаларының, басқа реакторішілік құрауыштардың радиациялық төзімділігімен шектеледі. Сондықтан конструкциялық болаттар мен қорытпалардың құрылымын зерделеуге бағытталған зерттеулерді дамыту, құрылымдық өзгерістердің материалдардың физика-механикалық сипаттамаларымен өзара байланысын анықтау өзекті міндет болып табылады.

  • Сұрақтар: 0
  • Жауаптар: 0
  • 384
  • 13.07.2021, 10:00
  • 16.07.2021, 15:00
  • «Ядролық физика институты» РМК
Бірде бір сұрақ жоқ