МСАК дәрігерлерінің психикалық, мінез-құлық бұзылулары (аурулары) (бұдан әрі – ПМБ) бар адамдарға медициналық көмек көрсетуі
МСАК дәрігерлерінің ПМБ бар адамдарға медициналық көмек көрсетуі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 167-бабы 2-тармағында және ҚР ДСМ 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-224/2020 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының халқына психикалық денсаулық саласында медициналық-әлеуметтік көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартында регламенттелген. МСАК дәрігерлерінің құзыретіне мынадай диагноздар берілді: F06.6 Ағзалық эмоциялық құбылмалы (астениялық) бұзылу; F32.0 Жеңіл депрессиялық эпизод; F43.2 Бейімделу бұзылысы; F41.2 Аралас үрейлі және депрессиялық бұзылу; F45 Соматоформды бұзылу; F54 Басқа айдарларда жіктелінетін бұзылулармен немесе аурулармен байланысты психологиялық және мінез-құлықтық факторлар; F55 Тәуелділікті туындатпайтын заттарды шектен тыс тұтыну; F17.1 Темекіні зиянды пайдалану. Көрсетілген бұзылулардың уақытша сипатқа ие екенін, психиатр есебі мен бақылауына жатпайтынын атап өткен жөн.
- Сұрақтар: 0
- Жауаптар: 0
- 331
- 27.07.2021, 10:00
- 27.07.2021, 17:00
- ҚР Денсаулық сақтау министрілігі
Бірде бір сұрақ жоқ