Елдегі АИТВ инфекциясы індетінің статистикасы мен даму үрдістері
Соңғы 10 жылда (2011 жыл - 2021 жылғы 9 ай) парентералдық берілу жолының 50%-дан 23%-ға дейін төмендегені байқалады. Жыныстық жолмен берілу - 70,9% құрайды. ҚР-да АИТВ-ға тестілеуге жаппай қолжетімділік қамтамасыз етілген. Меншік нысанына қарамастан кез келген медициналық ұйымда АИТВ-ға қан тапсыруға болады. Жыл сайын АИТВ инфекциясына 3 миллионнан астам адам тестіленеді, халықты тестілеумен қамту 13,5%-ды құрайды. АИТВ–мен өмір сүретін адамдарға (бұдан әрі - АӨА) қазіргі заманғы антиретровирустық препараттар ұсынылады. АӨА–дың 80%-ы өз мәртебесін біледі, 78%-ы антиретровирустық терапияны (бұдан әрі - АРТ) алады және АРТ қабылдайтындардың 86%-ында басылған вирустық жүктеме бар. Уақтылы емдеуді ұсыну ЖИТС-тан болатын өлім көрсеткішін 16-дан 1000 АӨА-ға (2005 ж.) 10-ға дейін (2020 ж.) төмендетуге мүмкіндік берді. Жүкті әйелдерге диагностика мен профилактикалық емдеу бойынша кешенді бағдарлама ұсынылады, оның нәтижесі АИТВ-ның анадан балаға берілуінің соңғы 10 жылда 8,4%-дан 0,6%-ға дейін 6 есе төмендеуі болып табылады
- Сұрақтар: 0
- Жауаптар: 0
- 247
- 26.11.2021, 10:00
- 26.11.2021, 17:00
- ҚР Денсаулық сақтау министрілігі
Бірде бір сұрақ жоқ