Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесінде онкологиялық аурулардың профилактикасы, диагностикалау және емдеу

Жыл сайын елімізде қатерлі ісіктің 36 мыңға жуық жаңа жағдайы тіркеледі. Бүгінгі таңда диспансерлік есепте 190 мыңға жуық қазақстандық тұр. Жыл сайын онкологиялық аурулардан шамамен 14 мың адам көз жұмады. Қазақстанда қатерлі ісіктің ең көп тараған түрлері: сүт безі обыры, өкпе обыры, асқазан обыры, жатыр мойны обыры және колоректалдық обыр болып табылады. Қазақстанда жатыр мойны обырын, сүт безі қатерлі ісігін және тік ішектің қатерлі ісігін ерте анықтау бойынша ұлттық скринингтік бағдарламалар жүргізіледі. Қазақстан азаматтарына онкологиялық ауруларды диагностикалау және емдеу тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне (ТМККК) кіреді және мемлекеттік бюджеттен толығымен қамтылған. Қазақстанда онкологиялық көмекті жетілдіру Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының және Қазақстан Республикасында онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған Кешенді жоспар шеңберінде жүзеге асырылады

  • Сұрақтар: 0
  • Жауаптар: 0
  • 492
  • 15.02.2022, 10:00
  • 15.02.2022, 17:00
  • ҚР Денсаулық сақтау министрілігі
Бірде бір сұрақ жоқ