Солтүстік Қазақстан облысында мемориалдық тақта орнату

1. Өтініш беруші мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне (Мәдениет басқармасы) немесе "электрондық үкімет" веб-порталдары арқылы қажетті құжаттарды қоса бере отырып өтініш береді: 1) Архивтік анықтама және/немесе архивтік құжаттың көшірмесі және/немесе архивтік үзінді және аса көрнекті тұлғаның сіңірген еңбегін және/немесе айрықша оқиғаның маңыздылығын растайтын өзге де құжаттар, сондай-ақ мемориалдық тақтаны орнату болжанатын ғимаратта немесе құрылыста аса көрнекті тұлғаның тұруы, жұмысы, болуы; 2) мемориалдық тақтаның эскизі (мемориалдық тақталар 50х80 сантиметрден аспайтын мөлшерде дайындалады және екі метрден төмен емес биіктікте орнатылады); 3) қасбеттерінде мемориалдық тақта орнату көзделетін ғимарат немесе құрылыс иесінің(иелерінің) немесе өзге де заңды иесінің жазбаша келісімі; 4) республикалық және халықаралық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші болып табылатын ғимараттың немесе құрылыстың қасбеттеріне мемориалдық тақта орнатылған жағдайларда тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) келісімі. 2. Жауапты орындаушы өтінішті тіркеген сәттен бастап 5 (бес) күнтізбелік күн ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттар толық болмаған жағдайда өтінішті қараудан бас тарту туралы қолхат беріледі. 3. Ұсынылған құжаттар толық болған жағдайда жауапты орындаушы тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау жөніндегі Комиссияның қарауына өтініш шығарады. 4. Комиссия шешімінің негізінде Комиссия хаттамасына қол қойылған күннен бастап күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде мемориалдық тақтаны орнатуға рұқсат немесе рұқсат беруден дәлелді бас тарту беріледі.

  • Сұрақтар: 2
  • Жауаптар: 2
  • 555
  • 23.05.2022, 10:00
  • 25.05.2022, 18:00
  • Солтүстік Қазақстан облысы

Омарова Диана 25.05.2022, 15:29 Сұрақ нөмірі: 11118
  • 0

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне шағымдану тәртібі қандай?

Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)

БАЯЗИТОВА ДИНАРА 25.05.2022 Сұрақ нөмірі: 11117
  • 0

Здравствуйте. Какой срок оказания государственной услуги?

Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)