Инфекциялық аурулар бойынша эпидемиологиялық ахуал және сақтану шаралары

2022 жылдың 3 айында республика халқының арасында тырысқақ, оба, туляремия, паратиф, іш сүзегі, құтыру, сіреспе, дифтерия, полиомиелит, қызылша, қызамық, көкжөтел, кене вирустық энцефалиті, висцеральды лейшманиоз, пастереллез, трихинеллез аурулары тіркелген жоқ. Альвеококкоз, тері лейшманиозы, күйдіргі, эпидемиялық паротит ауруының бірлі-жарым жағдайлары тіркелген. 2021 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда ЖІИ-мен сырқаттанушылық 11% - ға, педикулезбен 15% - ға, дерматомикозбен 3,9% - ға, дизентериямен 4 есе, лептоспирозбен 3 жағдайға төмендеді. Республика бойынша COVID-19 расталған 316838 жағдай тіркелген, сырқаттану 3,4 есеге, 2901 зертханалық растаусыз COVID-19 жағдайы тіркеліп, 40 %-ға төмендеді. Инфекцияның таралу ең жоғары коэффициенті (12-13 қаңтар) 2,8 - ге жетті, қазіргі уақытта 4,5 есеге азайып, 0,89-ға дейін төмендеді. Қазақстан Республикасы мен барлық өңірлер 2022 жылғы 3 наурыздан бастап жасыл аймақта орналасқан.

  • Сұрақтар: 0
  • Жауаптар: 0
  • 224
  • 26.05.2022, 10:00
  • 26.05.2022, 17:00
  • ҚР Денсаулық сақтау министрілігі
Бірде бір сұрақ жоқ