Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде халыққа медициналық көмек көрсету мәселелері туралы

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне (ТМККК) келесі медициналық көмек түрлері кіреді: 1. Жедел жәрдем қызметтері, оның ішінде белгілі бір жағдайларда медициналық авиацияны тарта отырып көрсетілетін көмек. 2. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) қызметтері. 3. Амбулаториялық жағдайда мамандандырылған медициналық көмек; 4. Стационарды алмастыратын жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек; 5. Стационарлық жағдайда көрсетілетін мамандандырылған медициналық көмек; 6. Медициналық оңалту: 7. Паллиативті медициналық көмек. 8. Мамандандырылған медициналық көмек көрсету кезінде медициналық көрсетілімдер болған жағдайда қан препараттарымен және оның компоненттерімен қамтамасыз ету. 9. Амбулаториялық, стационарды алмастыратын және стационарлық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек көрсету кезіндегі патологиялық-анатомиялық диагностика. 10. Қазақстандықтарды шетелге емделуге жіберу және (немесе) отандық медициналық ұйымдарда емделу үшін шетелдік мамандарды тарту. 11. Дәрілік заттармен, медициналық бұйымдармен, мамандандырылған емдік өнімдермен, иммундық-биологиялық дәрілік препараттармен қамтамасыз ету. МӘМС жарналарын тұрақты төлейтін және «САҚТАНДЫРЫЛҒАН» мәртебесі бар азаматтар медициналық қызметтердің неғұрлым кең тізбесін қосымша төлемсіз-ақ ала алады. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру тізбесіне келесі медициналық көмек түрлері кіреді: 1. Амбулаториялық жағдайдағы медициналық көмек (ауруларды диагностикалау және емдеу); 2. Стационарды алмастыратын жағдайларда мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық көмек ( ТМККК шеңберінде ауруларды емдеу жағдайларын қоспағанда); сондай-ақ елдегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына әкелетін аурулар кезінде және оларға күдік туындаған жағдайларда үйдегі стационардың қызметтері. 3. Жоспарлы нысандағы стационарлық жағдайларда мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық көмек (ТМККК шеңберінде ауруларды емдеу жағдайларын қоспағанда). 4. Шұғыл нысандағы стационарлық жағдайда мамандандырылған көмек, оның ішінде тәуліктік стационар жағдайында емдеуді талап етпейтін диагноз қойылғанға дейін тәуліктік стационардың қабылдау бөлімшесінде емдеу-диагностикалық іс-шаралар жүргізу (ТМККК шеңберінде ауруларды емдеу жағдайларын қоспағанда). 5. Медициналық оңалту. 6. Патологиялық-анатомиялық диагностика. 7. Өлімнен кейінгі донорды дайындау. 8. МӘМС жүйесінде көмек көрсетілген кезде дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету. Қызметтер тізімі жыл сайын кеңеюде. Биылғы жылы қызметтер тізбесіне сүйек кемігін тесу, аудиометрияның бірнеше түрі, телеметрия, логопедпен, сурдопедагогпен, фонопедагогпен сабақтар, есту аппараттары мен сөйлеу процесін тексеру, сурдолог, фонопедагог, сурдопедагог, есту протез жасаушысымен (акустика) және т.б. консультациялар мен қызметтер қосылды

  • Сұрақтар: 2
  • Жауаптар: 2
  • 340
  • 27.07.2022, 10:00
  • 27.07.2022, 17:00
  • ҚР Денсаулық сақтау министрілігі

Сериков Данияр 27.07.2022, 16:20 Сұрақ нөмірі: 11208
  • 0

добрый день, на этот год на обеспечение лекарств за счет ФСМС и ГОМБП сколько средств было заложено в разбивке и сколько уже освоено СК-Фармация?

Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)

Алтаева Наргиз 27.07.2022 Сұрақ нөмірі: 11207
  • 0

Здравствуйте! Скажите, нужно ли платить взносы, если в этом году закончил университет? Выпускник на работу еще не устроился. Раньше взносы платило государство. Если нужно, то сколько и как?

Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)