Инфекциялық ауруларға қарсы уақтылы вакцинациялаудың маңызы туралы

Ұсынылған қамту деңгейлерін қамтамасыз ету бойынша көп жылдық жұмыстың арқасында республикада вакцинамен басқарылатын инфекциялар бойынша эпидемиологиялық саламаттылыққа қол жеткізілді. Соңғы 30 жылда вакцинацияның арқасында мына аурулардың төмендеуі байқалды: - көкжөтел – 300 еседен астам (1990 жылы 395 жағдайдан бірлік жағдайға дейін (1 сл.) 2021 жылы); - эпидемиялық паротит – 1000 еседен астам (1990 жылы 12194 жағдайдан 2021 жылы 8 жағдайға дейін); - А вирустық гепатиті – 500 еседен астам (1990 жылы 73 962 жағдайдан 2021 жылы 147 жағдайға дейін); - халық арасында "В" вирустық гепатиті 140 есеге азайды (1990 жылы 5287-ден 2021 жылы 37 жағдайға дейін). Жекелеген жағдайларды тіркей отырып, сырқаттанушылықтың тұрақты төмен деңгейі сақталады: - полиомиелит – 1995 жылғы 7 жағдайдан 1996 жылдан бастап нөлге дейін; - дифтерия – 1990 жылғы 28 жағдайдан 2009 жылдан бастап нөлге дейін); - сіреспе – 1990 жылы 13 жағдайдан 2021 жылы нөлге дейін); - қызамық – 1990 жылы 24 396 жағдайдан 2021 жылы нөлге дейін. Айта кету керек, коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың төмендеуінде бұл инфекцияға қарсы вакцинация үлкен рөл атқарады. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында КВИ-ға қарсы вакцинациямен 10,6 млн. астам адам екі дозамен қамтылды, яғни жалпы халықтың 55% - дан астамы қамтылды. Ұжымдық иммунитеттің қажетті деңгейін ұстап тұру және жаңа КВИ штаммдарының пайда болуы мен таралуын болдырмау үшін ревакцинацияның рөлі маңызды. Бүгінгі таңда 5,6 миллионнан астам адам алғашқы ревакцинациямен егілді. Сонымен қатар, ДДҰ ұсынымына және әлемдік тәжірибеге сәйкес ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап КВИ-ға қарсы екінші ревакцинация жүргізу басталды.

  • Сұрақтар: 1
  • Жауаптар: 1
  • 416
  • 29.11.2022, 10:00
  • 29.11.2022, 17:00
  • ҚР Денсаулық сақтау министрілігі

29.11.2022, 16:08 Сұрақ нөмірі: 11457
  • 0

Добрый день! По календарю прививок нашей страны вакцинация начинается слишком рано - с первых дней жизни ребенка, зачем так рано прививать?

Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)