«Елдегі АИТВ-инфекциясы эпидемиясының статистикасы мен даму тенденциялары»

АИТВ-инфекциясымен өмір сүруші адамдар – 30854, 100 мың тұрғынға шаққанда таралу көрсеткіші – 161,4 (31.10.2022ж. АИТВ/ЖИТС-тен өлгендерді, жасырын тексерілгендерді және шетел азаматтарын шегергенде). Қазақстан Республикасында 2022 жылдың 10 айында АИТВ-инфекциясының 3358 жағдай тіркелген, соның ішінде шетел азаматтары – 110 жағдай, ҚР азаматтары арасында – 3248 жағдай (100 мың тұрғынға көрсеткіш – 17,0). Еркектердің меншікті салмағы 66,9% құрайды, әйелдердікі – 33,1%, еркек/әйел ара салмағы 2,0:1,0 Ағымдағы жылдың 10 айында тіркелген АИТВ жұқтырғандар арасындағы анықталудың көп пайызы 30-39 жас аралығындағы жас тобында – 34,5% байқалады (2021ж. 10 айында – 36,4%), 40-49 жаста – 29,6% (2021ж. 10 айында – 26,8%), 20-29 жас тобындағы адамдарда – 16,5% (2021ж. 10 айында – 17,8%). 2022 жылдың 10 айында анықталған АИТВ-жұқпасының ішінен 50,3% жұмыс істемейтіндер құрайды (2021ж. 10 айында – 52,3%), жұмысшылар – 38,9% (2021ж. 10 айында – 35,7%), тергеудегілер мен сотталғандар – 4,0% құрайды (2021ж. 10 айында – 6,1%). 2022 жылдың 10 айында инъекциялық есірткіні пайдалану кезіндегі жұқтырғандардың меншікті салмағы 20,4% құрайды (2021ж. 10 айында – 23,3%), жыныстық жолмен жұқтырғандар үлесі – 74,1% (2021ж. 10 айында – 71,7%), гетеросексуальдық қатынас кезіндегі жыныстық жолмен – 66,4% (2021ж. 10 айында – 64,2%), гомосексуальдық жыныстық жолмен жұқтырғандар – 7,7% (2021ж. 10 айында – 7,5%), жұқтыру жолдары анықталмағандар – 4,7% (2021ж. 10 айында – 3,9%), анасынан балаға берілу жолы – 0,5% (2021ж. 10 айында – 0,8%).

  • Сұрақтар: 0
  • Жауаптар: 0
  • 303
  • 01.12.2022, 10:00
  • 01.12.2022, 17:00
  • ҚР Денсаулық сақтау министрілігі
Бірде бір сұрақ жоқ