«Ауыл – Ел бесігі» жобасы

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Министрлік 2019 жылдан бастап «Ауыл – Ел бесігі» жобасын іске асыру бойынша жоспарлы жұмыс жүргізуде. Осы мақсатқа қол жеткізу Әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту, ауыл тұрғындары үшін әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді іске асыру есебінен, сондай-ақ жайлы өмір сүру ортасын құру арқылы жүзеге асырылады. Жалпы 1,2 мың ауылдық кластер іріктелді (оның ішінде 1,2 мың тірек ауыл және 2,3 мың серіктес ауыл, барлығы 3,5 мың АЕМ), онда елдегі ауыл халқының 90%-ы тұрады. Даму әлеуеті бар осы 3,5 мың ауылды қаржыландыру негізінен республикалық бюджет есебінен «Ауыл – Ел бесігі» жобасы шеңберінде жүзеге асырылады, бұл ретте, өзге ауылдарды дамыту (елдегі ауыл халқының 10%-ы) жергілікті бюджет және басқа көздер есебінен қаржыландырылады. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Ауылдық аумақтарды дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурызындағы №270 қаулысымен қабылданды. Тұжырымдаманы іске асыру шеңберінде республикалық бюджеттен объектілерді салу және реконструкциялау жөніндегі «Ауыл – Ел бесігі» жобаларын қаржыландыру жалғастырылатын болады: білім беру (мектептердің жапсаржайлары, мектептер мен балабақшаларды реконструкциялау), денсаулық сақтау (алғашқы медициналық-санитариялық көмек объектілері), мәдениет (клубтар, мәдениет үйлері, мұражайлар (музейлер), кітапханалар), спорт (дене шынықтыру-сауықтыру кешендері, спорт кешендері және спорт нысандары), әлеуметтік қамсыздандыру, инженерлік инфрақұрылым (сумен, жылумен, газбен, электрмен желілері, жылу, электр нысандары және жабдықтар), көлік инфрақұрылымы (кентішілік жолдар, көшелерді жарықтандыру).

  • Сұрақтар: 0
  • Жауаптар: 0
  • 178
  • 19.04.2023, 09:00
  • 19.04.2023, 17:00
  • ҚР Ұлттық экономика министрлігі
Бірде бір сұрақ жоқ