Сынақ зертханаларының бүлдірмейтін бақылау саласында ұлттық стандарттарды қолдану

Бүлдірмейтін бақылау саласындағы қолданыстағы ұлттық стандарттар талаптарының өзектілігін және өнеркәсіптік қауіпті объектілердің өнімдерінің, ғимараттары мен құрылыстарының, металл конструкциялары және құбыр жүйелерінің сапасы мен қауіпсіздігін бағалау үшін олардың қажеттілігін талқылаужөніндег интернет-конференция. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында бүлдірмейтін бақылаудың кең таралған әдістерін қолдануға қатысы бар 100-ге жуық ұлттық стандарт қолданыста (НТҚМБҚ деректері бойынша https://www.egfntd.kz ): көзбен шолу, магнитті ұнтақ, капиллярлық, құйын тоқты, ультрадыбыстық, радиографиялық және ағыс іздегіш (саңылаусыздықты бақылау). Стандарттар бақылау процедурасына, ақау көргіштік материалдар мен жабдықтарға, персоналға және бағалау өлшемшарттарына қойылатын заманауи талаптарды қамтиды. Ұлттық стандарттар халықаралық және еуропалық стандарттар негізінде дайындалған. Ұлттық стандарттар салалық құжаттаманы, бақылау процедураларын және нақты объектілерді сынау әдістемелерін әзірлеу үшін толығымен қолданыла ма?

  • Сұрақтар: 0
  • Жауаптар: 0
  • 83
  • 22.05.2023, 10:00
  • 25.05.2023, 15:00
  • «Ядролық физика институты» РМК
Бірде бір сұрақ жоқ