ҚР мемлекеттік шекарасындағы санитариялық-карантиндік бақылау

2022 жылы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасындағы санитариялық-карантиндік бақылау барысында 56216 (2021 ж.– 40498) көлік құралы, оның ішінде теміржол – 16728 (2021 ж. - 11241), әуе -21483 (2021 ж. – 12979) және теңіз – 18005 (2021 ж.- 16278) санитариялық тексерумен қамтылды).2022 жылы 2856997 (2021 ж. - 1742568) жолаушылар мен экипаж мүшелері, оның ішінде теміржол - 119245 (2021 ж. – 47135), әуе - 2704134 (2021 ж. - 1666247) және теңіз – 33618 (2021 ж. - 29186). Сондай-ақ, 2022 жылы барлығы 48224,1 партия көлемінде бақылаудағы тауарлардың 2091 партиясы тексерілді (2021 ж. – 23351,5 т көлемінде 1551 партия), өткен жылмен салыстырғанда 26%-ға ұлғаю байқалуда, оның ішінде өтпелі теміржол пунктінде - 43864,9 тн көлемінде 1824 партия (2021 ж. - 1446 партия, 2021 ж. - 1446 партия, 20135,6 тн көлемінде), теңіз порттарында 4359,2 тн көлемінде 267 партия (2021 ж. - 3215,9 тн көлемінде 105 партия). Санитариялық-карантиндік бақылау жүргізу кезінде 2022 жылы дене температурасы жоғары және жұқпалы ауруларға күдікті 53 (2021 - 23) жолаушы анықталды, оның 13-і ауруханаға жатқызылды. Сондай-ақ, 2022 жылы өнімнің (тауарлардың) қауіпсіздігін растайтын құжаттардың болмауы мен сәйкес келмеуіне байланысты Қазақстан Республикасына 7212,6 тонна көлемінде 329 жүк партиясын әкелуге тыйым салынды (2021 ж. - жалпы салмағы 5142,8 тонна болатын 245 жүк партиясы).

  • Сұрақтар: 1
  • Жауаптар: 1
  • 165
  • 26.05.2023, 10:00
  • 26.05.2023, 17:00
  • ҚР Денсаулық сақтау министрілігі

Муратбек Елес 26.05.2023, 15:34 Сұрақ нөмірі: 11954
  • 0

Я скоро планирую выехать за рубеж. И у меня в связи с этим возник вопрос. А на обратном пути не требуется ли паспорт вакцинации или справка ПЦР для въезда на территорию Республики Казахстан?

Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)