Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасы
Тұжырымдама және оны іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 18 тамыздағы № 639 Жарлығымен бекітілген. Тұжырымдама шешім қабылдау процесіне азаматтардың қатысуы мен рөлін, ұйымдастырушылық, экономикалық және қаржылық мәселелерді шешуде ауыл әкімдіктерінің дербестігін, халық алдындағы ашықтық пен есептілікті кеңейтуге бағытталған. Тұжырымдама жобасы шеңберіндегі негізгі реформалардың бірі аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерін тікелей сайлауды енгізу болып табылады. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сайлау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы «Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдар 2021 жылғы 24 мамырда қабылданды. Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер (бұдан әрі – ауылдық округтер) әкімдерінің алғашқы тікелей сайлауы 2021 жылғы 25 маусымда жарияланды, ал сайлаудың өзі 2021 жылғы 25 шілдеде өтті. Сайлау жұмыс істеп тұрған әкімдердің өкілеттік мерзімдерінің аяқталуына сәйкес кезең-кезеңімен өтеді (2025 жылдың І жартыжылдығының соңына дейін). 2022 жылы сайлау 14 облыстың 446 ауылдық округінде өтті. Сайлаушылардың келуі орта есеппен 73% - дан асты. Жергілікті өзін-өзі басқару бойынша заң жобалары шеңберінде бюджеттің кіріс бөлігін нығайту үшін бюджеттің IV деңгейіне қосымша салықтар мен төлемдердің мынадай түрлерін беру ұсынылады: ЗТ және ЖК мүлік салығының бір бөлігі (50%) (облыстық маңызы бар қалалар аудандық мәслихатының шешімі бойынша бөлу); жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы; жекелеген түрлермен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым қызметтің жекелеген түрлерімен айналысуға лицензияларды пайдаланғаны үшін төлемақы. Алдағы уақытта экономикалық жағдайға сүйене отырып, ауыл бюджетін толықтырудың қосымша көздері қаралатын болады. Бұдан басқа, тұжырымдама тексеру комиссияларының қызметін күшейтуге, мәслихаттар қызметінің тиімділігін арттыруға, облыстарда аудан әкімдерінің тікелей сайлауын енгізуге және тағы басқада мәселелерге бағытталған.
- Сұрақтар: 0
- Жауаптар: 0
- 117
- 21.06.2023, 10:00
- 21.06.2023, 17:00
- ҚР Ұлттық экономика министрлігі
Бірде бір сұрақ жоқ