Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамыту

Бүгінгі таңда білім алушылар контингенті 21,7 мыңнан астам адамды құрайды (оның ішінде мемлекеттік тапсырыс бойынша – 16,0 мың студент оқиды). Соңғы 2 жылда ТжКБ-дан кадрлар даярлауға арналған мемлекеттік тапсырыс көлемі төрт мың алты жүз 4600 орыннан бес мың алты жүз 5600 орынға дейін, яғни 1000 орынға ұлғайтылды. 1 курстың 440 студенті кәсіпорындардың нысаналы мемлекеттік тапсырысы бойынша оқиды және аяқтағаннан кейін 100% өз кәсіпорындарына жұмысқа орналасады. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту үшін колледждерде жыл сайын мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылады. Мәселен, 2022-2023 оқу жылында ОP бар балаларға 1 мамандық бойынша 9 орын бөлінді (Павлодар монтаж колледжі). 40 колледж дуальды оқыту жүйесін енгізді (көлік, тамақтану, құрылыс, жеңіл өнеркәсіп, сервис, энергетика және байланыс салалары).

  • Сұрақтар: 0
  • Жауаптар: 0
  • 125
  • 04.07.2023, 14:30
  • 04.07.2023, 18:00
  • Павлодар облысы
Бірде бір сұрақ жоқ