Облыста жол жөндеу жұмыстарын орындау

- республикалық бюджет қаражаты есебінен ұзындығы 23 км 2022 жылдан ауысатын 3 жобаны іске асыру жоспарлануда (Ақсу қ. 14,15 шағын аудандарының автомобиль жолдарын қайта жаңарту, ГРЭС-1 – Басқамыс а/ж қайта жаңарту, Екібастұз қ. көшелерін қайта жаңарту). - «Ауыл-Ел бесігі» арнайы жобасы аясында ұзындығы 93 км елді мекендердің көшелерін орташа жөндеу бойынша 44 жобаны іске асыру жоспарлануда. - облыстық бюджет қаражаты есебінен ұзындығы 346 км жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары мен елді мекендердің көшелерін жөндеу бойынша 48 жобаны іске асыру жоспарлануда; Сонымен қатар, қалалар мен аудандар бюджеттері қаражаты есебінен ұзындығы 167 км аудандық маңызы бар жолдар мен елді мекендердің көшелерін орташа жөндеу бойынша 29 жобаны іске асыру жоспарлануда. Жол жөндеу жұмыстарының қорытындылары бойынша «Нормативтік жағдайдағы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары үлесі» нысаналы көрсеткішін 94%-ға жеткізу жоспарлануда.

  • Сұрақтар: 0
  • Жауаптар: 0
  • 124
  • 05.07.2023, 14:30
  • 05.07.2023, 18:00
  • Павлодар облысы
Бірде бір сұрақ жоқ