Жіті ішек инфекциясының профилактикасы
Ішек ауруларының жалпы белгілері бірдей инфекцияны жұқтыру жолымен анықталады: микроағзалар адамның асқазан-ішек жолына инфекция жұқтырылған сумен, тамақпен, сондай-ақ лас қолдар, балалар ойыншықтары мен тұрмыстық заттар арқылы енеді. ЖІИ негізгі белгілері: әлсіздік, қызба, жүрек айну, құсу, диарея, іштің ауыруы. ЖІИ алдын алу үшін мыналарды сақтау қажет: - үйге оралғанда, тамақ ішер алдында, тамақ пісірер алдында, дәретханадан кейін қолыңызды сабынмен уақтылы және мұқият жуу; - тек жаңа өнімдерді, ет, балық, жұмыртқаны мұқият қайнату; - тез бұзылатын өнімдерді рұқсат етілген сақтау мерзімі шегінде тоңазытқыштарда сақтау; - су мен сүтті қайнағаннан кейін ғана тұтыну; - көкөністер мен жемістерді, шөптерді ағынды сумен мұқият жуып, содан кейін қайнаған сумен булау; - арнайы белгіленген жерлерде шомылу. Ағымдағы жылдың 5 айында Қазақстанда ЖІИ 4764 жағдайы тіркелді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 3518 жағ. (73,8%), 15-17 жастағы жасөспірімдер - 82 жағ. (1,7%). ЖІИ құрылымында нақтыланған ішек инфекцияларының үлес салмағы 76% (3625 жағ.), анықталмаған 22% (1055 жағ.), дизентерия үлесіне 2% (84 жағ.) құрады.
- Сұрақтар: 1
- Жауаптар: 1
- 222
- 29.06.2023, 10:00
- 29.06.2023, 17:00
- ҚР Денсаулық сақтау министрілігі
Муратбек Елес 29.06.2023, 16:19 Сұрақ нөмірі: 12043
Настал летний сезон, какие требования гигиены следует соблюдать населению для предотвращения острых кишечных инфекций?
Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)