Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді тағайындау
Қазақстанда мемлекет, жұмыс беруші және жұмыскер арасындағы жауапкершілікті бөлуді көздейтін базалық, міндетті және ерікті деңгейлердегі халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің көп деңгейлі моделі жұмыс істейді: базалық деңгей – бюджеттен төленетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар арқылы қамтамасыз етіледі. Олар әлеуметтік тәуекелдер туындаған кезде белгіленген мөлшерде жүзеге асырылады және адамның бұрынғы жалақысының деңгейіне байланысты болмайды; міндетті (қосымша) деңгейде – жауапкершілік жұмыс беруші мен жұмыскер арасында бөлінеді. Мәселен, 2005 жылдан бастап жұмыс істейтін азаматтарды әлеуметтік қорғаудың қосымша деңгейін білдіретін міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі (бұдан әрі – жүйе) енгізілді; ерікті деңгей өмірді сақтандыру компаниясындағы азаматтардың ерікті сақтандыру жарналары есебінен жүзеге асырылады. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры (бұдан әрі – Қор) жұмыс істейтін халықты әлеуметтік тәуекелдер туындаған жағдайда мынадай әлеуметтік төлемдерді төлей отырып, міндеттемелерді қосымша деңгейде жүзеге асыруды қамтамасыз етеді: - еңбекке қабілеттіліктен айырылу, - асыраушысынан айырылу, - жұмысынан айырылу, - жүктілікке және босануға байланысты кірісінен айырылу; - жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылу; - бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу. Еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемге құқық медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесі міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға жалпы еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесін белгілеген күннен бастап туындайды. Әлеуметтік төлемдердің мөлшері еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесі белгіленген айдың алдындағы соңғы 24 айда Қорға түскен әлеуметтік аударымдарға, жүйеге қатысу өтіліне және еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесіне байланысты. Кірісті ауыстыру коэффициенті 0,6 құрайды. 2023 жылғы 1-жартыжылдығында 92 мыңнан аса адам еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайына жалпы сомасы 17,7 млрд.теңгеге әлеуметтік төлем алды.
- Сұрақтар: 0
- Жауаптар: 0
- 133
- 14.08.2023, 10:00
- 14.08.2023, 17:00
- «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ
Бірде бір сұрақ жоқ