2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберіндегі мемлекеттік қолдау шаралары: сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау және кредиттер бойынша кепілдік беру

Кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау құралы шеңберінде кәсіпкерге жылдық 8% (мемлекет субсидиялайтын бөлігі 13,75%), әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері, батыс және оңтүстік өңірлер үшін жылдық 7% (мемлекет субсидиялайтын бөлігі 14,75%) мөлшерлемесі бойынша кредиттер беріледі. Бір кәсіпкер үшін несие сомасы 3 млрд. теңгеге дейін. Кредит бойынша кепілмен қамтамасыз ету жеткіліксіз болған жағдайда ішінара кепілдік беріледі. Кепілдіктің максималды мөлшері-85%. Сондай-ақ, Ұлттық жоба шеңберінде шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін 8% (мемлекет субсидиялайтын бөлігі 15,75%) мөлшерлеме бойынша, ал моно, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендерде, әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері үшін 7% (мемлекет субсидиялайтын бөлігі 16,75%) мөлшерлеме бойынша салалық шектеулерсіз микрокредиттер беру көзделеді. Микрокредиттеу сомасы инвестициялық мақсаттарға 20 млн. теңгеге дейін, айналым қаражатын толықтыруға – 5 млн. теңгеге дейін құрайды. Жалпы, Ұлттық жоба шеңберіндегі мемлекеттік қолдау шаралары экономиканың басым секторларында өз жобаларын іске асыратын кәсіпкерлер үшін, сондай-ақ моно қалалардағы, шағын қалалардағы және ауылдық елді мекендердегі кәсіпкерлер үшін салалық шектеулерсіз ұсынылады. Сондай-ақ, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде басым жобаларды кредиттеуге арналған тауарлар тізбесіне сәйкес сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау және кәсіпкерлердің, оның ішінде ірі кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша кепілдендіру көзделген (ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысымен бекітілген). Сыйақы мөлшерлемесінің мемлекет субсидиялайтын бөлігі 13,25%, яғни түпкілікті қарыз алушы үшін жылдық 8% құрайды. Инвестициялық мақсаттарға бағытталған кредиттер бойынша субсидиялау мерзімі 5 жылды, айналым қаражатын толықтыру – 3 жылды құрайды. Инвестициялық мақсаттарға бағытталған кредит сомасы бойынша шектеулер жоқ.

  • Сұрақтар: 0
  • Жауаптар: 0
  • 119
  • 23.08.2023, 10:00
  • 23.08.2023, 17:00
  • ҚР Ұлттық экономика министрлігі
Бірде бір сұрақ жоқ