Инфекциялық ауруларға қарсы уақтылы вакцинациялаудың маңызы және қызылша бойынша ағымдағы эпидемиологиялық жағдай туралы
Ұсынылған қамту деңгейлерін қамтамасыз ету бойынша көп жылдық жұмыстың арқасында республикада вакцинамен басқарылатын инфекциялар бойынша эпидемиологиялық саламаттылыққа қол жеткізілді. Соңғы 30 жылда вакцинацияның арқасында мына аурулардың төмендеуі байқалды: - көкжөтел – 300 еседен астам (1992 жылы 1117 жағдайдан бірлік жағдайға дейін (3 сл.) 2022 жылы); - эпидемиялық паротит – 1000 еседен астам (1992 жылы 11 075 жағдайдан 2022 жылы 11 жағдайға дейін); - А вирустық гепатиті – 140 еседен астам (1992 жылы 45 196 жағдайдан 2022 жылы 317 жағдайға дейін); - халық арасында "В" вирустық гепатиті 76 есеге азайды (1992 жылы 4799-дан 2022 жылы 63 жағдайға дейін). Жекелеген жағдайларды тіркей отырып, сырқаттанушылықтың тұрақты төмен деңгейі сақталуда: - полиомиелит – 1992 жылғы 6 жағдайдан 1996 жылдан бастап нөлге дейін; - дифтерия – 1992 жылғы 45 жағдайдан 2009 жылдан бастап нөлге дейін); - сіреспе – 1992 жылы 11 жағдайдан 2022 жылы нөлге дейін); - қызамық – 1992 жылы 16775 жағдайдан 2022 жылы нөлге дейін. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында қызылша бойынша қолайсыз эпидемиологиялық жағдай байқалады. 2023 жылдың басынан бері республика бойынша қызылшаның 3 285 жағдайы (14 жасқа дейінгі балалар арасында – 2 727, жасөспірімдер арасында – 87, ересектер арасында – 471) тіркелді. 72%-да (2 376 жағдайда) егілмеген балалар ауырғаны байқалады, оның ішінде вакцинациядан бас тарту себебінен – 1 394, медициналық қарсы көрсетілімдер бойынша – 453, егу жасына жетпеу – 466, басқа себептер бойынша – 63, егу мәртебесі белгісіз – 16%-да (513 жағдайда). Эпидемиологиялық жағдайдың асқынуына келесі факторлар әсер етеді: біріншіден, жоспарлы егулерді өткізіп алуы; екіншіден, ата-аналардың вакцинациядан бас тартуы. Осы екі факторға байланысты инфекцияның таралу қарқыны жоғарылайды және егу жасына жетпеген балаларда (яғни 1 жасқа дейін) қызылшаны тіркеу де өзекті болады. Пандемия кезінде коронавирус инфекциясына (бұдан әрі – КВИ) қарсы егу кезінде вакцинация тиімділігін көрсетті. Қазіргі уақытта КВИ вакцинациясын жүргізуге, вакциналардың қалдықтары мен жарамдылық мерзімдерін қамтуға мониторинг жалғасуда. Бүгінгі таңда республикада КВИ-ге қарсы вакцинациямен 10,6 млн. адамнан астам екі дозамен қамтылды, яғни жалпы халықтың 55,9% - дан астамы. Әлемдік тәжірибеге сәйкес, сондай-ақ ұжымдық иммунитет деңгейін сақтау мақсатында халықты КВИ-ге қарсы ревакцинациялау жүргізіледі. Бүгінгі таңда республика бойынша 5,8 млн. адам ревакцинацияланды, тиісті халықты қамту 71,1%-құрады, 1,4 млн. адам қайта ревакцинацияланды, қамту тиісті халықтың 58,6%-ын құрады. Бүгінгі таңда КВИ-ге қарсы ревакцинация үшін «Синофарм» және «Комирнати/Омикрон BA.4-5» вакциналары бар. Вакцинацияның басты мақсаты – халықты тиімді вакциналары бар жұқпалы аурулардан қорғау. Денсаулық жағдайына байланысты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және егуге болмайтын халықтың неғұрлым осал топтары, сондай-ақ жасы бойынша вакцинация сатысындағы балалар ерекше қорғауды талап етеді. Вакцинацияланбаған адам сырқаттанған кезде инфекция ауыр түрінде, мүгедектікке және өлімге әкелетін асқынулармен жүреді.
- Сұрақтар: 1
- Жауаптар: 1
- 228
- 25.08.2023, 10:00
- 25.08.2023, 17:00
- ҚР Денсаулық сақтау министрілігі
Шариханова Меруерт 25.08.2023, 16:05 Сұрақ нөмірі: 12158
Қайырлы күн! Менің бір сұрағым бар. Біздің Ұлттық егу күнтізбемізге сәйкес вакцинация баланың өмірінің алғашқы күндерінен басталады. Неліктен ерте және ол неге негізделген?
Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)