Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді тағайындау
Қазақстанда мемлекет, жұмыс беруші және жұмыскер арасындағы жауапкершілікті бөлуді көздейтін базалық, міндетті және ерікті деңгейлердегі халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің көп деңгейлі моделі жұмыс істейді: базалық деңгей – бюджеттен төленетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар арқылы қамтамасыз етіледі. Олар әлеуметтік тәуекелдер туындаған кезде белгіленген мөлшерде жүзеге асырылады және адамның бұрынғы жалақысының деңгейіне байланысты болмайды; міндетті (қосымша) деңгейде – жауапкершілік жұмыс беруші мен жұмыскер арасында бөлінеді. Мәселен, 2005 жылдан бастап жұмыс істейтін азаматтарды әлеуметтік қорғаудың қосымша деңгейін білдіретін міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі (бұдан әрі – жүйе) енгізілді; ерікті деңгей өмірді сақтандыру компаниясындағы азаматтардың ерікті сақтандыру жарналары есебінен жүзеге асырылады. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры (бұдан әрі – Қор) жұмыс істейтін халықты әлеуметтік тәуекелдер туындаған жағдайда мынадай әлеуметтік төлемдерді төлей отырып, міндеттемелерді қосымша деңгейде жүзеге асыруды қамтамасыз етеді: - еңбекке қабілеттіліктен айырылу, - асыраушысынан айырылу, - жұмысынан айырылу, - жүктілікке және босануға байланысты кірісінен айырылу; - жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылу; - бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу. Қайтыс болған асыраушының – міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының асырауында болған отбасының мынадай мүшелері: 1) он сегіз жасқа толмаған және егер олар он сегіз жасқа толғанға дейін мүгедектігі бар адамдар деп танылса, осы жастан асқан балалардың, оның ішінде асырап алған балалардың, аға-інілерінің, апа-сіңлілерінің (қарындастарының) және немерелерінің; 2) егер қайтыс болған асыраушысының үш жасқа толмаған балаларын, бауырларын, апа-сіңлілерін (қарындастарын) немесе немерелерін күтумен айналысатын болса, жасына және еңбекке қабілеттілігіне қарамастан, ата-анасының бірінің немесе жұбайының (зайыбының) не атасының, әжесінің, аға-інісінің немесе апа-сіңлісінің (қарындасының) асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнің тағайындалуына және оны алуға құқықтары бар. 2023 жылдың 10 айында 62 мыңнан аса асыраушысынан айырылған адам жалпы сомасы 21,6 млрд.теңгеге әлеуметтік төлем алды.
- Сұрақтар: 0
- Жауаптар: 0
- 212
- 16.11.2023, 10:00
- 16.11.2023, 17:00
- «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ
Бірде бір сұрақ жоқ