Өңірдің әлеуметтік маңызды міндеттерін шешудегі мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тетігі
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс дегеніміз не? Бұл мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты (бюджет қаражаты есебінен) жүзеге асыруға шарт жасасу арқылы республикалық, салалық және өңірлік деңгейлердегі әлеуметтік міндеттерді шешу. Тапсырыс берушілер мемлекеттік органдар, мекемелер мен кәсіпорындар болып табылады. Сондай-ақ, бұл-ұйымдардың бюджет қаражаты есебінен орындайтын, әлеуметтік саладағы міндеттерді шешуге бағытталған, бәсекелестік ортаға жүзеге асыру үшін берілген әлеуметтік бағдарламаларды, әлеуметтік жобаларды, орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын іске асыру нысаны. Әлеуметтік жоба, өз кезегінде, нақты іс-қимыл бағдарламасы болып табылады, оның негізінде шешуді қажет ететін өзекті әлеуметтік проблема жатыр. Оны іске асыру белгілі бір аймақтағы, қоғамдағы әлеуметтік жағдайды жақсартуға ықпал етеді. Бұл өзекті әлеуметтік мәселелерді практикалық шешу арқылы қоғамдық өмірге қатысудың бір жолы. Әлеуметтік бағдарламаларды шешу жалпы бағдарлауды қабылдауды, проблеманы анықтауды, шешім табу үшін миға шабуыл жасауды, шешім қабылдауды және одан кейінгі кезеңдерді қамтитын көп сатылы процесс ретінде қарастырылады.
- Сұрақтар: 0
- Жауаптар: 0
- 227
- 05.12.2023, 10:00
- 10.12.2023
- Павлодар облысы
Бірде бір сұрақ жоқ